Жаңалықтар тізбегі
0

Утиль алымы туралы петицияны қарау жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтпей қалды

Утиль алымы туралы петицияны қарау жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтпей қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2024 19:39 Сурет: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі
Бүгін, 6 маусымда Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде утиль алымы мәселелері бойынша петицияны қарау жөніндегі Жұмыс тобының бірінші отырысы өтуі тиіс болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оның құрамына ҚР Парламентінің депутаттары, өнеркәсіп және құрылыс, экология және табиғи ресурстар, қаржы, ауыл шаруашылығы, цифрлық даму, инновациялық және аэроғарыш өнеркәсібі, мәдениет және ақпарат вице-министрлері, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасарлары, басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кірді.

Сонымен қатар жұмыс тобының құрамына қоғамдық бірлестіктердің, сарапшылар қауымдастығының, өнеркәсіп саласының өкілдері, сондай-ақ утиль алымын жоюды жақтаушылар С.Боқаев, Е.Кулбасов, Д.Макешов, Д.Салыков және басқа да азаматтар қосылды.

Министрлік барлық мүдделі тараптарды шақырып, жұмыс тобының отырысын өткізу үшін қажетті ұйымдастырылған шараларды әзірлеп, жұмыс отырысының түсірілімі және отырыстың хаттамасын қамтамасыз еткенін мәлімдеді.

"Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ғимараты – стратегиялық нысанның бару регламентінде келушілер ұялы телефондарын өзімен бірге ала алмайтыны және оны кіре берісте қалдыруы көзделгенін айта кеткен жөн. Алайда, өтініштің бастамашысы С.Боқаев және оның өкілдері регламент талаптарын орындаудан және жұмыс тобының отырысына қатысудан бас тартты", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Осыған байланысты ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне байланысты емес себептер кесірінен отырысты өткізуді тоқтатуға тура келді.

"Отырысқа қатысу үшін Парламент депутаттары, өнеркәсіп вице-министрлері, басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері жиналды. Өңірлерден қоғам белсенділері келді. Алайда, біз жоспарланған іс-шараны тоқтатуға мәжбүр болдық, өйткені петицияның бастамашысы оған қатысудан бас тартып, Министрліктің оған Жұмыс тобының отырысы аяқталғаннан кейін бейнежазбаны ұсынуына келіспеді", - деп хабарлады ҚР ӨҚМ баспасөз қызметі.

Сондай-ақ министрлік алдағы уақытта конструктивті диалогты күтетіндерін атап өтті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: