22 шілдеден бастап күмәнді ақша аударымдары бұғатталады

22 шілдеден бастап күмәнді ақша аударымдары бұғатталады, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2024 19:45 Сурет: Ұлттық банктің баспасөз қызметі
Ұлттық банк "Алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректермен алмасу орталығының қызметін және оның қызметіне қатысатын тұлғалармен өзара іс-қимылын жүзеге асыру тәртібіне қойылатын талаптарды бекіту туралы" ҚҰБ басқарма қаулысының жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жоба Антифрод-орталық қызметін жүзеге асыру және оның қатысушыларымен өзара іс-қимыл жасау тәртібін, сондай-ақ алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясын жүзеге асырудың бірыңғай дерекқорын қалыптастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.

Антифрод-орталық қаржы ұйымдары, құқық қорғау органдары, сондай-ақ ұялы байланыс операторлары қосылатын технологиялық платформа болып табылады. Платформа тиісті таңбаланған күдікті операцияларды қоса алғанда, алаяқтық операциялар бойынша нақты уақыт режимінде қаржы нарығының субъектілері арасында деректер алмасуды қамтиды.

Антифрод-орталықтың міндеті – азаматтардың қаражатын алаяқтық операциялардан қорғауды қамтамасыз ету, алаяқтық операцияларға жедел шара қабылдау және оларды уақытында бұғаттау.

Толық функционалы бар өнеркәсіптік енгізу биыл 22 шілдеде – цифрландыру мәселелері жөніндегі тиісті Заң қолданысқа енгізілген сәттен бастап жоспарлануда.

Жобаның толық мәтінімен Ашық нормативтік-құқықтық актілердің ресми интернет-порталында және ҚҰБ сайтында танысуға болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: