Байланыс операторлары алаяқтықтан зардап шеккен тұлғалардың дерекқорын қалыптастырады
Фото: pexels
Құжатта:
- Ұлттық банктің антифрод орталығына қатысушылар құрамын кеңейту және олармен өзара іс-қимыл тәртібін айқындау;
- антифрод орталығының қосымша дерекқорларын қалыптастыру және жүргізу тәртібін бекіту көзделген.
Жобада антифрод орталығы қатысушыларының өзара әрекеттесу алгоритмі белгіленген. Атап айтқанда:
- бірнеше рет берілген несие өтінімдері бойынша;
- алаяқтық белгілері бар қоңырау жасалған абоненттік нөмір анықталған жағдайда ұялы байланыс операторларымен өзара іс-қимыл жасау тәртібі.
Ұсынылып отырған өзгерістерге сәйкес байланыс операторларына үшінші тұлғалардың алаяқтық әрекеттерінен зардап шегуі ықтимал азаматтардың дерекқорын қалыптастыру міндеті жүктеледі.
Сонымен қатар жобаға "Банктер және банк қызметі туралы", "Киберқауіпсіздік туралы", "Қазақстан Республикасының қаржы нарығын, байланыс саласын және банкроттықты реттеу мен дамыту мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдардың және Цифрлық кодекстің қабылдануына байланысты, сондай-ақ 2026 жылғы 13 шілдеден бастап "Ақпараттандыру туралы" және "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" заңдардың күші жойылуына орай редакциялық және үйлестіруші сипаттағы түзетулер енгізілген.
Жоба алаяқтықпен тиімді күресу, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылды күшейту мақсатында әзірленген.
Нәтижесінде қаржы нарығындағы алаяқтық операциялар саны азаяды деп күтілуде.
Жоба 2026 жылғы 3 наурызға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.