Алматыда жұмыссыздық деңгейі төмендеп, жаңа жұмыс орындары ашылуда

Алматыда жұмыссыздық деңгейі төмендеп, жаңа жұмыс орындары ашылуда, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2024 11:40 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қала экономикасы басқармасында алматылықтардың әл-ауқатын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтылды.

Ағымдағы жылдың сәуір айында жылдық инфляция наурыз айында 9,7% - дан 9,1% - ға дейін баяулады. 2024 жылы жылдық инфляция одан әрі 7-8% - ға дейін баяулайды деп болжануда.

Қалада тұрақты жұмыс орындарына баса назар аудара отырып, жаңа жұмыс орындары құрылуда. Жыл басынан бері 19,5 мың жұмыс орны құрылды (биылғы жоспар – 87 мың), оның 61% – ы тұрақты.

Бұл ретте, қабылданып жатқан шаралардың арқасында жұмыссыздық деңгейі – биылғы жылдың бірінші тоқсанында 4,7% - ға дейін төмендейді.

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында Алматыда орташа айлық жалақы 454 мың теңгені құрады (республика бойынша – 382 мың теңге). Номиналды мәнде жалақы 16,4% – ға, нақты мәнде 6% - ға өсті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: