Жаңалықтар тізбегі
0

Психикалық аурулардың белең алуына не себеп – психиатр жауап берді

Психикалық аурулардың белең алуына не себеп – психиатр-дәрігер жауап берді , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2024 14:08 Сурет: pixabay
Жақында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өңірлер бойынша психикалық ауытқуы бар адамдар санының статистикасын жариялады: сәуір айындағы жағдай бойынша психиспансерлер 90%-ға толған.

Жалпы, республика бойынша 199 672 адам психоактивті заттарды қабылдамай психикалық бұзылуларына байланысты динамикалық бақылауда тұр.

Не себепті диспансерлер науқастарға толуда, психикалық денсаулықты қалай сақтауға болады және маманның көмегі қажет екенін қалай түсінеміз?

Осы және басқа да сұрақтарға Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының ақпараттық-талдау мониторинг орталығы популяция секторының меңгерушісі Рефа Валерия Назар-Мохаммад жауап берді.

Психиатрдың айтуынша, мамандандырылған клиникалардың толуы, ең алдымен, демографиялық және әлеуметтік-экономикалық факторларға байланысты, бұл өз кезегінде мамандандырылған төсектердің қажеттілігін тудырады. Осылайша, психикалық денсаулық орталықтарының стационарлық жүктемесі жоғары емес, оңтайлы және тиімді жоспарлау мен басқару қарастырылған. Министрлік заманауи жабдықтармен қамтамасыз ете отырып, өңірлік және бастапқы психикалық денсаулық орталықтарын салуды, жаңғырту және күрделі жөндеуден өткізуді қарастырған.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, динамикалық бақылауда тұрған адамдардың ең көбі Қарағанды облысында – 1616, Қостанай облысында – 1523, Солтүстік Қазақстан облысында – 1414.

Аурулардың географиялық принцип бойынша таралуы неге байланысты?

– Қазақстанда психикалық аурулардың таралуы экологиялық жағдайларға, әлеуметтік-экономикалық факторларға және стигматизация мен психикалық денсаулыққа деген көзқарастағы мәдени ерекшеліктерге байланысты.

Бұл көктемгі асқынуға байланысты ма? Психикалық аурулар қандай факторларға байланысты туындайды?

– Ғылыми зерттеулер психикалық бұзылыстары бар кейбір адамдардың симптомдары көктемде жоғарылауы мүмкін екенін растайды, дегенмен бұл құбылыстың нақты механизмдері әлі толық зерттелмеген. Дегенмен, психикалық ауруы бар адамдарда көктемгі асқынумен ғылыми тұрғыда байланыстырылған бірнеше факторлар бар. Мысалы, бұл жарық режимінің өзгеруі. Көктемде күндізгі жарықтың ұзақтығы артады, бұл ағзаның биоритмдеріне әсер етуі мүмкін. Психикалық бұзылыстары бар адамдарда бұл гормондардың теңгерімсіздігін, соның ішінде, ұйқы мен сергектік циклдерін, сондай-ақ көңіл-күйді реттейтін мелатонин деңгейінің төмендеуін тудыруы мүмкін. Сондай-ақ биологиялық факторлар да бар.

Қазіргі өмір сүру жағдайлары жаңа аурулардың пайда болуына ықпал етеді ме?

- Иә, қазіргі өмір сүру жағдайлары жаңа аурулардың пайда болуына немесе бұрыннан бар аурулардың сипатының өзгеруіне ықпал етуі мүмкін. Олардың кейбіреулері технологиялық прогрестің, өмір салты өзгеруінің немесе әлеуметтік тенденциялардың салдары: сандық технологияарға тәуелділік, шаршау синдромы, технология әсерінен ұйқының бұзылуы және басқалар.

Қандай жағдайда маманға жүгіну керек?

– Жалпы, егер сіз физикалық немесе эмоционалдық күйіңізде қандай да бір өзгерістерді байқасаңыз, диагностика және кеңес алу үшін маманға жүгіну маңызды. Бұл емдеуді немесе режимді түзетуді ерте бастауға мүмкіндік береді, сол арқылы жалпы әл-ауқатыңызды айтарлықтай жақсарта аласыз.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: