Жаңалықтар тізбегі
0

Ерлан Карин: Мемлекеттік аппарат маңызды тәжірибе жинақтап, шыңдалу үстінде

Ерлан Қарин: Мемлекеттік аппарат маңызды тәжірибе жинақтап, шыңдалу үстінде, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2024 13:38 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси бағытының негіздері туралы мақаласында енді мемлекеттік қызметшілерге мүлдем жаңа жағдайларда жұмыс істеу керектігін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ерлан Карин EGEMEN QAZAQSTAN газетінде шыққан мақаласында былай деп жазады:

Ерлан Каринның сөзінше, қазір мемлекеттік қызметшілердің мүлде жаңа ахуалда жұмыс істеуіне тура келіп отыр. Бір жағынан, мемлекет олардың біліктілігіне, моральдық ұстанымы мен мінез-құлқына, тіпті процессуалдық-нормативтік міндеттеріне қатысты талаптарды күшейтіп жатыр. Екінші жағынан, халықтың да сұранысы арта түсті. Мемлекеттік мекемелер ашық жұмыс істей бастады. Түрлі деңгейдегі лауа­зымды тұлғалар немен айналысып жатқанын елге көрсетіп, қыз­метін жан-жақты түсіндіру үшін көпшіліктің алдына жиі шығатын болды.

Соның нәтижесінде мемлекеттік аппараттың жұмыс тәсілі өзгеріп, билік құрылымдары барынша ашық, ал шешім қабылдау үдерісі жариялы әрі тиімді бола түсті. Бұл, әсіресе таяуда болған алапат тасқын кезінде анық байқалды. Төтенше жағдай кезінде арнаулы апаттық-құтқару қызметтері, жергілікті әкімдіктер күндіз-түні жұмыс істеді. Мемлекет басшысы және Үкімет деңгейінде бірнеше шұғыл жиналыс өтті. Президент жағдайды бақылауда ұстау үшін қарғын судан ең қатты зардап шек­кен аймақтарға арнайы барды. Жалпы, Мемлекет басшысының осындай төтенше жағдайлар кезінде қиындыққа тап болған отандастарымызбен үнемі кездесіп, сын сағатта оларға қолдау көрсетуге тырысатынын атап өткен жөн.

Мемлекеттің ең басты міндеті – адам өмірін сақтау және қиын жағ­дайға ұшыраған азаматтарды құт­қару. Сондықтан ең алдымен, барлық күш халықты қауіпсіз жерге көшіруге жұмылдырылды. Нәти­жесінде, алапат тасқын кезінде құтқарушылар 119 мыңнан астам адамды, соның ішінде 44 мыңнан астам баланы эвакуациялады.

Төтенше жағдай болған кезде билік барлық жауапкершілікті өз мойынына алып, қиын сәтте жедел әрі нақты шешім қабылдай алатынын тағы бір мәрте көрсетті. Мемлекеттің басқа да көптеген міндеті бар. Билік құрылымдары ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуден бастап елді ме­кендерді абаттандыруға дейінгі сан түрлі мәселемен қатар айналысып, күнделікті міндеттерінің бәрін үз­діксіз атқара береді.

Мемлекеттік аппарат қоғамның барлық саласындағы өзекті мәселе­лерді шешумен де, ауқымды рефор­маларды жүзеге асырумен де қат-қабат айналысу арқылы жаңа жағ­дайда жұмыс істеп, мол тәжірибе жинақтап жатыр. Бұл тәжірибе Мем­лекет басшысы айқындап берген, елімізді жан-жақты жаңғыртуға қатыс­ты міндеттерді табысты орын­дауға септігін тигізері сөзсіз.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: