Қызылорда облысында тұрғыннан сора өсімдігі тәркіленді

Есірткі саудасымен айналысқан адамдар ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2024 14:20 Сурет: pixabay
Қызылорда облысында 59 түп сора өсімдігін еккен аудан тұрғыны құрықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осы жылдың 1 маусым – 31 қазан аралығында республика көлемінде "Қарасора-2024" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Қызылорда облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының және Шиелі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткі өсірген аудан тұрғынын ұстады.

Жүргізілген жедел жұмыстар нәтижесінде күдіктінің ауласынан 59 түп сора өсімдігі анықталып, айғақ зат ретінде тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі заттар жалпы салмағы 2 келі 362 грамм екендігі анықталды. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды.

Тергеу жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: