6 шілдедегі саудада доллар арзандады
Сурет: pexels
Қазақстан қор биржасы (KASE) 6 маусымда сағат 15:30-да доллардың орташа сараланған бағамы 1,69 теңгеге төмендеп, 446,89 теңгені құрағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да аздап төмендеп, 61,53 теңгені (-0,34) құрады.
Ұлттық банк еуро бағамын 487,54 теңге, рубльді 5,06 теңге деп бекітті.
Ақша айырбастау орындарында доллар 446-447,3 теңгеге, еуро 485,1-488,5 теңгеге, ресей рублі 4,9-5 теңгеге сатылуда.
Ал, 6 маусымдағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасының өсуі жалғасуда.
ICE Futures электрондық саудасында тамыз айындағы Brent фьючерстерінің бағасы барреліне 0,72%-ға өсіп, $78,91 құрады.
NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнай фьючерстері шілде айына 0,72%-ға өсіп, 74,60 долларды құрады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript