Алматы әкімдігі тау бөктеріндегі "Орловские банидің" құрылысы туралы ақпаратты жоққа шығарды

Алматы әкімдігі тау бөктеріндегі «Орловские банидің» құрылысы туралы ақпаратты жоққа шығарды, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2024 09:42 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасының хабарлауынша, Медеу жолындағы Керей-Жәнібек хандар көшесіндегі аумақта құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама түскен жоқ, нысанның құрылысына жобалау алдындағы құжаттаманы меншік иесі (жеке тұлға) алған жоқ.

Визуалды тексеру барысында учаскеде құрылыс жүргізілмегені расталды, ал "Орловские банидің" жарнамасы бар баннер жойылды.

Айта кетейік, сол аумақтағы салынып бітпеген нысан Алматының бұрын жарияланған құрылысы ұзаққа созылған нысандар тізіміне енгізілген.

Басқармада құрылысы тоқтатылған нысанда заң бұзушылықтар анықталған және нұсқама талаптарын елемеген жағдайда сот талқылауынан соң кезекті жоспардан тыс тексеру жүргізілетіні айтылды.

Бұрын меншік иесі ұсынған ақпаратқа сәйкес, жоспардан тыс тексеру барысында берілген нұсқама толықтай орындалмаған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: