Алматының тау бөктерінде тағы бір заңсыз нысан сот шешімімен бұзылып жатыр

Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасының хабарлауынша, Жантөбе бау-бақша серіктестігінде (уч. 51) орналасқан үш қабатты құрылысы жүріп жатқан нысан бұзып жатыр. Аталған нысан топырақ көшкіні қаупі бар аймақта орналасқан., сурет - Zakon.kz жаңалық 17.04.2025 16:55 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасының хабарлауынша, Жантөбе бау-бақша серіктестігінде (уч. 51) орналасқан үш қабатты құрылысы жүріп жатқан нысан бұзып жатыр. Аталған нысан топырақ көшкіні қаупі бар аймақта орналасқан.

Бұған дейін меншік иесіне (жеке тұлға) рұқсат құжаттарының болмауына байланысты әкімшілік шаралар қолданылып, жоспардан тыс тексеру аясында заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген.

Кейін басқарма тарапынан бұл нұсқаманы мәжбүрлеп орындату, атап айтқанда нысанды бұзу туралы талаппен Алматы қаласы Медеу аудандық сотына талап-арыз берілді.

Сот талап-арызды қанағаттандырып, 2024 жылғы 26 маусымда нысанды бұзу туралы шешім шығарды.

Қазіргі таңда нысанды сүру жұмыстары Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен басталды.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың құрылысқа бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында 2023 жылдың басынан бері 74 заңсыз нысан, оның ішінде "Мечта", KHAN тұрғын үй кешендері және басқа да ғимараттар толық немесе жартылай бұзылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: