Жаңалықтар тізбегі
0

ШЫҰ Әділет министрлерінің он бірінші кеңесі өтті

ШЫҰ Әділет министрлерінің он бірінші кеңесі өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2024 10:10 Сурет: ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі
2024 жылдың 6 маусымында онлайн форматта ШЫҰ мүше мемлекеттері Әділет министрлерінің жиналысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Әділет министрі Азамат Есқараевтың төрағалығымен өткен шараға Индия, Иран, Қырғыстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Қытай Халық Республикасы елдерінің Әділет министрлері қатысты.

ШЫҰ Әділет министрлерінің он бірінші кеңесі өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2024 10:10

Сурет: ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі

Отырысқа ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары және бақылаушы мемлекет ретінде Беларусь Республикасының Әділет министрі Евгений Коваленко қатысты. Кездесу барысында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттері Әділет министрлерінің 2023 жылы өткен оныншы кездесудегі келісімдерді іске асыру бойынша Әділет минстрліктері арасындағы өзара ынтымақтастықтың қорытындыларын шығарды.

ШЫҰ Әділет министрлерінің он бірінші кеңесі өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2024 10:10

Сурет: ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі

Әділет министрлері ШЫҰ кейінгі жылдарда қол жеткізілген құқық және әділет саласындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Осындай тұрақты кездесулер ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Әділет органдары арасындағы ведомствоаралық ынтымақтастықты тереңдетуге мүмкіндік береді.

ШЫҰ Әділет министрлерінің он бірінші кеңесі өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2024 10:10

Сурет: ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі

ҚР Әділет министрі құқық пен әділет саласын цифрландырудағы ынтымақтастықты тереңдетуге және озық тәжірибемен жүйелі түрде алмасуға мүмкіндік беретін меморандум жасасу туралы бастама көтерді.

Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтық туралы мәлімдемеге қол қойылып, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерінің Әділет министрлері кеңесінің 2024-2026 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.

ШЫҰ Әділет министрлерінің он бірінші кеңесі өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2024 10:10

Сурет: ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Әділет министрлерінің келесі кеңесі 2025 жылы Ресейде өтеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: