Шанхай ынтымақтастық ұйымы Әділет министрлерінің отырысы онлайн форматта өтеді
Сурет: КИСИ
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, еллегі су тасқыны жағдайына байланысты ШЫҰ елдері Әділет министрлерінің 11-ші отырысы онлайн режимде өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 26 сәуірде ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.
Бейнеконференцияға Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның Әділет министрлері қатысады.
"Бұл формат құқықтық саладағы маңызды мәселелерді талқылауға және халықаралық ынтымақтастықты жалғастыруға септігін тигізбек. Сонымен қатар бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді.",- деп атап өтті ведомства баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, Қазақстанда су тасқыны салдарынан халықаралық турнир уақыты ауыстырылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript