Өзін ҰҚК қызметкері ретінде таныстырып, пара бопсалаған – Түркістан облысында алаяқ ұсталды

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге ​​жатпайды., сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2024 12:33 Сурет: Zakon.kz
Түркістан облысында өзін ҚР ҰҚК қызметкерімін деп таныстырып, Экономикалық тергеу департаменті және ҰҚК тексеру жұмыстарын тоқтатамыз деген желеумен пара беруге итермелеген әйел ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол 6 миллион теңге алып жатқан жерінде ұсталды. Қылмыскерді құрықтауға Қаржы мониторингі агенттігінің, облыстық прокуратураның және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментінің нақты қызметкерлері қатысты.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге ​​жатпайды.

Бұған дейін Астанада банктің заң кеңесшісі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы операциясын бұзғаны үшін сотталған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: