Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда тұрғын үйлердің эстетикалық келбетін жақсарту жалғасуда

Алматыда тұрғын үйлердің эстетикалық келбетін жақсарту жалғасуда, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2024 14:42 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Биылғы жылы Алматы қаласының Наурызбай ауданындағы 8 көпқабатты үйдің қасбеті жаңартылады.

Наурызбай ауданында барлығы 579 көпқабатты тұрғын үй бар. Бұған дейін "ЖҚЖК-2020" бағдарламасы аясында бес көппәтерлі тұрғын үйдің қасбеттеріне жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Алайда, қазіргі уақытта 1960-1980 жылдар аралығында салынған тағы он үйдің қасбеттерін жөндеу қажет.

2024 жылы бюджет қаражаты есебінен сегіз көпқабатты үйдің қасбеттеріне ағымдағы жөндеу жүргізілетін болады. Бұл жоба тұрғын үйлердің сыртқы түрін жақсартуға және олардың тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

Жөндеуге жататын үйлердің мекенжайлары:

  • Қалқаман ш/а, Жансүгіров көшесі, 31 және 33 үйлер;
  • Ақжар ш/а, Дәулеткерей көшесі, 162, 166 және 7 үйлер;
  • Рахат ш/а, Көкдала көшесі, 10 және 17 үйлер,
  • Таусамалы ш/а, Рысқұлов көшесі, 86.

Қасбеттерді жөндеу ғимараттардың эстетикалық келбетін жақсартып қана қоймайды, сонымен қатар ғимараттарды ылғалдан, көгеруден және тұрғындардың денсаулығына теріс әсер етуі мүмкін басқа факторлардан қорғауға көмектеседі.

Бұдан басқа, әзірленген дизайн-код аясында Наурызбай ауданының аумағында бірыңғай сәулеттік стильге келтірілген ақпараттық құрылыстар орнатылады, сондай-ақ көше жиһаздары мен муралдардың жаңа элементтері пайда болады, бұл ауданға бірегей және заманауи көрініс береді.

Қазіргі уақытта конкурстық рәсімдер жүргізілуде, ал құрылыс-монтаж жұмыстарын 2024 жылдың 30 қарашасына дейін аяқтау жоспарлануда. Бұл жоба Наурызбай ауданының барлық тұрғындары үшін неғұрлым қолайлы және тартымды қалалық орта құруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: