Жаңалықтар тізбегі
0

Қоқыс қалдықтарынан қолөнер жасаған жамбылдықтар

Тараз қаласы білім бөлімінің техникалық шығармашылық орталығының 600-ден астам тәрбиеленушісі қоқыс қалдықтарынан қолөнер бұйымдарын жасауды қолға алған. , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.06.2024 10:02 Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Тараз қаласы білім бөлімінің техникалық шығармашылық орталығының 600-ден астам тәрбиеленушісі қоқыс қалдықтарынан қолөнер бұйымдарын жасауды қолға алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олар осылайша республикалық "Таза Қазақстан" акциясына өз үлестерін қосуда.

Тараз қаласы білім бөлімінің техникалық шығармашылық орталығының 600-ден астам тәрбиеленушісі қоқыс қалдықтарынан қолөнер бұйымдарын жасауды қолға алған.

Орталық тәрбиеленушілері У.Распутина, Д.Аманкосова, Б.Қуатбек, З.Джукенова сынды тәжірибелі жетекшілерімен бірге жиналған қоқыс қалдықтарынан түрлі картиналар, қуыршақтар мен түрлі ыдыстар жасап шығаруда.

Атап айтқанда, пластикалық бөтелкелер, пайдаланылған картон қағаздары, жүн, мата, киіз, тері заттарынан 200-ден астам шығармашылық жұмыстарын ұсынған.

Айта кетейік, "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы басталғаннан бері 1770 сенбілік өткізіліп, 220 мың адам тартылды.

Нәтижесінде 60 тарихи-мәдени ескерткіш, 143 саябақ пен скверлер, 816,6 шақырым каналдар мен арықтар, 3,1 мың шақырым көше мен 109,1 мың аулалар қоқыстардан тазартылып, 11,4 мың қоқыс шығарылды. 60 мыңға жуық көшет отырғызылып, 49 субұрқақ іске қосылған. 2024 жылға абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарына жалпы 10,3 млрд. теңге қарастырылған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: