Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда мәдениет саласының 200-ге жуық қызметкері шетелде оқудан өтті

Алматыда мәдениетті дамыту: осы саланың 200-ге жуық қызметкері шетелде оқудан өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.06.2024 10:22 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы халықаралық мәдени ынтымақтастықты белсенді дамытуда. Мәдениет саласының 200-ге жуық қызметкері Франция, Германия, Италия, Оңтүстік Корея, Қытай, АҚШ, Түркия, Австрия, Венгрия, Грузия және басқа елдердің жетекші әлемдік мәдени орталықтарында біліктілігін арттырып, оқудан өтті.

Олар - кітапханашылар, мұражайтанушылар, мұрағатшылар, хайуанаттар бағының ветеринарлары, цирк және театр әртістері.

Мегаполистің мәдени нысандары 100% реновациялық жаңарудан өтеді. Қызметкерлер теорияда да, практикада да заманауи стандарттар мен клиентке бағытталған коммуникацияны зерттеуге баса назар аудара отырып, жаңа дағдылар мен құзыреттерге ие болады.

Айта кетейік, мұражай қызметкерлері Францияның ұлттық ескерткіштер орталығында білім алып, әлемдік өнер мұражайының – Musée du Louvre жұмыс тәжірибесін зерттеді. Алматылық кітапханашылар Сеул кітапханаларында Gachon University және Namsan Public Library, Starfield Library, Nlcy, Seoul Women's University Library және Chung Ang University Library сияқты тағылымдамадан өтті. Алматы циркінің әртістері алғаш рет Бейжің халықаралық акробатика мектебінде және Ресей театр өнері институты — ГИТИСТЕ біліктіліктерін арттырды.

"Мәдениет саласының қызметкерлері алғаш рет осындай бірегей мүмкіндікке ие болды – әлемнің жетекші мәдени орталықтарының қабырғасында оқып, кәсіби дағдыларын жетілдірді. Қала әкімі Ерболат Досаев саланы дамытуға ерекше көңіл бөледі, бұл ауқымды іс-шараларды өткізу, мәдениет нысандарын жаңғырту қызметкерлердің олй- өрісін дамытуда. Цирк және жергілікті театр әртістері, мұражайтанушылар мен кітапханашылар, сондай – ақ хайуанаттар бағы мен мұрағат қызметкерлері соңғы екі жылда 200-ге жуық адам шетелде оқып келді", - деп атап өтті Алматы қаласының мәдениет басқармасы.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: