Алматыда Дунаевский көшесінің солтүстік жағымен жүру үш айға шектеледі
2024 жылғы 11 маусымнан 15 қыркүйекке дейін Алматы қаласының Бостандық ауданында Дунаевский көшесінің солтүстік жағымен Жароков көшесінен батыс бағытта көлік қозғалысы жабылады.
Қозғалыс тек батыс бағытта жабылады.
1976 жылдан бастап пайдалануға берілген, аталған көше сегментінің жүріс бөлігінің астынан өтетін жалпы ұзындығы 1240 метр құбырды қайта жаңарту учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі. Бұл құбыр 153 көппәтерлі тұрғын үйді, 7 жеке үйді, 5 балабақшаны, 4 мектепті, 2 денсаулық сақтау объектісін және 15 өзге де объектілерді жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Аталған тұтынушыларға реконструкция жүргізу кезеңінде ыстық сумен жабдықтау сақталады.
Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз. "Алматы жылу желілері" ЖШС
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі