Бишімбаев пен Байжановтың апелляциялық шағымдары судьяның қарауына жіберілді

Бишімбаев пен Байжановтың апелляциялық шағымдары судьяның қарауына берілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2024 15:26 Сурет: Telegram/Jogargy_sot
Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың ісі апелляциялық сотқа өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот кабинетіндегі мәліметтерге сүйенсек, іс судьяға бүгін, 2024 жылдың 11 маусымында берілді. Өндіріске қабылданған күн мен бірінші отырыс әлі белгісіз.

Бұған дейін Астанада сотқа Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты бірінші сатыдағы сот үкіміне апелляциялық шағым түскенін хабарладық.

Еске салайық, Қуандық Бишімбаев 24 жылға, ал Бақытжан Байжанов төрт жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: