Құлсары қаласында биыл үш ауқымды жоба жүзеге асырылмақ

Құлсары қаласында биыл үш ауқымды жоба жүзеге асырылмақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2024 16:06 Сурет: akorda.kz
Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабының мәліметінше, Құлсары қаласындағы ықшамаудандардың аулалары абаттандырылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жұмыстар аясында аула ішілік жолдарды жөндеу, автотұрақтар салу, балалар ойын алаңын, спорт алаңдарын, баскетбол, футбол алаңдары салынуда.

"Сонымен қатар қаланың 11 ықшам ауданында әмбебап балалар ойын алаңдары және қаланың 38 көшесіндк жаяу жүргіншілер мен веложолдар салынып жатыр. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде", - деді қала әкімі Қадіржан Адинов.

Жоғарыда аталған жұмыстардың барлығы күз мезгілінде аяқталады деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Құлсары қаласының 2 мыңнан астам тұрғыны тұрғын үйді қалпына келтіру үшін өтемақы алу туралы келісімге қол қойған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: