Елордада полицейлер 40-қа жуық азаматқа жалған билет сатқан алаяқты тұтқындады

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.06.2024 16:40 Сурет: ҚР ІІМ
Бүгінгі таңда Астана мен Алматы қаласынан 40-қа жуық алданған азамат полицияға жүгінді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Сарыарқа ауданы ПБ полиция қызметкерлері Семей қаласының 32 жастағы тұрғынын анықтады.

Әйел OLX хабарландыру қызметін пайдаланып, әйгілі ресейлік әншілердің концерттеріне билеттер сатқан. Келтірілген шығын сомасы 10-70 мың теңге аралығында болған.

Шарт бойынша сатып алушы төлемді мобильді қосымша арқылы жіберуі керек болған. Ал билет сатушысы оларға жалған өткізу QR кодтарын жіберген.

Алаяққа алданған азаматтар соңында концертке кіре алмаған. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Елорда аумағында жасалған алаяқтықтың осыған ұқсас фактілеріне қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: