"Аптап ыстық, нөсер жаңбыр". Бейсенбіде еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райы болады
Ұлытау облысының шығысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың басым бөлігінде өрт қаупі жоғары.
Қарағанды облысының түнде солтүстігінде, күндіз шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында, шығысында тұман болады. Күндіз облыстың батысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында өрт қаупі жоғары. Қарағандыда найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады деп болжанады.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Түнде облыстың шығысында, күндіз орталығында тұман болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с. Павлодарда түнде тұман болады деп күтіледі.
Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында кейде найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауады деп болжанады. Солтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 17-22 м/с дейін жетеді. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда кейде найзағай ойнайды. Қонаевта да найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі, найзағай кезіндегі жел екпіні 17-22 м/с дейін жетеді.
Түркістан облысының тауларында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 9-14 м/с, кей тұста 17-22 м/с дейін жетеді. Күндіз облыстың басым бөлігінде аптап ыстық сақталады: +40 С. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі күтіледі, облыстағы теңіз жағалауында да жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда шығыстан, оңтүстік-шығыстан түнде және таңертең 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Күндіз Ақтөбе облысында аптап ыстық болады: +35...+37 С. Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Атырау облысының батысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан күндіз соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз облыс бойынша аптап ыстық сақталады: +35...+38 С. Атырауда күндіз қатты ыстық болады: +35 С.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде қатты ыстық болады: +35...+37 С.
Абай облысының орталығында аракідік қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облысты батысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде, орталығында өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі. Семейде күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің күндіз найзағай кезіндегі екпіні - 15-18 м/с.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл соғады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батысқа ойыса солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Өскеменде күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі. солтүстік-батысқа ойыса солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-18 м/с
Ақмола облысының шығысында қатты жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі. Күндіз облыстың солтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Күндіз Қостанай облысының солтүстік-шығысында ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі.
Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл болады деп күтіледі. Күндіз өңірдің оңтүстігінде, орталығында солтүстік-шығыстан, шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз шаңды дауыл болады деп күтіледі. Солтүстіктен күндіз соққан желдің екпіні - 15 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Бұған дейін Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті дауылды ескерту жариялаған болатын.