Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде IT-мамандықтарға тегін оқу мүмкіндігі бар

Елімізде IT-мамандықтарға тегін оқу мүмкіндігі бар, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.06.2024 13:19 Сурет: pixabay
Қазақстандық қыз-келіншектер IT-Aiel бағдарламасы аясында IT мамандықтарды тегін оқи алады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қатысуға өтінім білдірушілер кәмелеттік жасқа толуы керек.

Жоба компьютерлік сауаттылықтың негізгі дағдыларын тегін меңгеруге және No Code School, Freelance School, E-commerce курстары шеңберінде онлайн оқуға бірегей мүмкіндік береді.

Оқу 24 маусымда басталып, 12 аптаға созылады, деп жазады qazaqstan.tv.

Айта кетейік, былтыр жобаға 3 мыңнан астам қыз-келіншек өтінім білдірген.

Олардың ішінде 900-ден астам жұмыссыз әйел, бала күтімімен үйде отырған 400-ден астам ана, 500 студент және өзін-өзі жұмыспен қамтыған 700 әйел бар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: