Қазақстанда экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін жедел штаб құрылды

Қазақстанда экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін жедел штаб құрылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.06.2024 15:08 Сурет: primeminister.kz
Премьер-Министр 2024 жылғы 10 маусымдағы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабты құру туралы» өкімге қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жедел штаб құрамына мыналар кіреді:

  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі, басшы;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі, хатшы;
  • Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;
  • Қазақстан Республикасының Энергетика министрі;
  • Қазақстан Республикасының Көлік министрі;
  • Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі;
  • Қазақстан Республикасының Индустрия және құрылыс министрі;
  • "Самұрық-Қазына" Халықтық әл-ауқат қоры" АҚ Басқарма төрағасы (келісім бойынша);
  • "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Басқарма төрағасы (келісім бойынша).

Штаб отырысы күн сайын өткізіліп, одан кейін Премьер-Министр Олжас Бектеновке есеп беріледі.

Бұйрық 2024 жылғы 10 маусымда күшіне енді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: