Қазақстанда Инновациялық штаб құрылды

Государственная служба, госслужба, госслужащий, госслужащие, государственный аппарат, госаппарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.04.2026 17:11 Фото: Zakon.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов 2026 жылғы 14 сәуірде Инновацияларды дамыту жөніндегі кеңесті (Инновациялық штабты) құру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Инновацияларды дамыту жөніндегі кеңестің (Инновациялық штабтың) құрамына 50 адам кірді:

  • ғылым мәселелеріне жетекшілік ететін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – төраға;
  • ҚР Ғылым және жоғары білім министрі – төрағаның орынбасары;
  • ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы – хатшы;
  • ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
  • ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары;
  • ҚР Ұлттық экономика, ауыл шаруашылығы, жасанды интеллект және цифрлық даму, денсаулық сақтау, әділет, көлік, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, сауда және интеграция, туризм және спорт, ағарту, өнеркәсіп және құрылыс, су ресурстары және ирригация, қаржы, экология және табиғи ресурстар, энергетика, төтенше жағдайлар министрліктерінің вице-министрлері;
  • Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің орынбасарлары;
  • Қазақстан облыстары әкімдерінің орынбасарлары;
  • ҚР Үкіметі Аппаратының Әлеуметтік даму бөлімінің меңгерушісі;
  • Сонымен қатар квазимемлекеттік және ғылыми ұйымдардың өкілдері де бар:
  • Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
  • ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті (келісім бойынша);
  • Казатомпром басқарма төрағасы (келісім бойынша);
  • KAZ Minerals Management басқарма төрағасы (келісім бойынша);
  • Самрұқ-Қазына АҚ-ның стратегия және активтерді басқару жөніндегі тең басқарушы директоры (келісім бойынша);
  • Қазақмыс корпорациясының тұрақты даму және GR жөніндегі басқарушы директоры (келісім бойынша);
  • QazInnovations ұлттық инновацияларды дамыту агенттігінің басқарма төрағасы (келісім бойынша);
  • ERG Research and Development ЖШС бас директоры (келісім бойынша).

Инновацияларды дамыту жөніндегі кеңес – ҚР Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

Кеңестің негізгі мақсаты – идеядан бастап дайын өнім шығаруға дейінгі бүкіл цикл бойынша инновациялық экожүйе қатысушыларын біріктіруді қамтамасыз ету.

Кеңестің жұмыс органы – ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.

  • Кеңес отырыстарының күн тәртібін әзірлейді;
  • отырыстар кестесін қалыптастырады;
  • отырыстарға қажетті материалдарды дайындайды.

Кеңес отырыстары қажеттілікке қарай өткізіледі, бірақ жылына кемінде бір рет ұйымдастырылады.

Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары Кеңес шешімдерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жеке жауапкершілікке тартылады.

Кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары:

  • инновациялық қызметті тиімді ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету;
  • инновациялық қызметтің басым бағыттарын айқындау;
  • технологиялық басымдықтарды қалыптастыру;
  • инновацияларды дамыту тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу және енгізу;
  • ғылыми-инновациялық қызметтің тиімділігін арттыру және негізгі нәтижелік көрсеткіштерді анықтау;
  • өңірлік инновациялық жүйелерді дамытуға жәрдемдесу;
  • кәсіпорындардың инновациялық белсенділігін ынталандыру үшін олардың инновациялық қызметі мен технологиялық даму деңгейіне мониторинг жүргізу;
  • мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың инновациялар бойынша есептерін тыңдау;
  • инновацияларды дамыту мәселелері бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Кеңес шешімдері қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады және төрағалық етуші қол қоятын хаттамамен рәсімделеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: