Жаңалықтар тізбегі
0

Әлеуметтік қажеттіліктер: Алматы бюджетіндегі қаржы алдағы екі жылда неге жұмсалады

Алматы қаласының түзетілген бюджетін 112,2 млрд теңге сомасында нақтылаумен қалалық мәслихаттың кезекті XIX сессиясында депутаттар қарады., сурет - Zakon.kz жаңалық 14.06.2024 12:03 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласының түзетілген бюджетін 112,2 млрд теңге сомасында нақтылаумен қалалық мәслихаттың кезекті XIX сессиясында депутаттар қарады.

Мегаполис әкімінің орынбасары Асқар Әмрин айтқандай, бұл қаржы Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында "Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасында және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларда" көзделген әлеуметтік маңызды жобаларды қажетті қаржыландыруды қамтамасыз етуге арналған.

Қала әкімдігі әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде, деп хабарлады Асқар Әмрин.

Нақтылау шеңберінде әлеуметтік блокты қаржыландыру 31,6 млрд теңгеге көбейді. Оның ішінде денсаулық сақтау саласына қосымша 5,4 млрд теңге бөлінеді. Бұл алматылықтар үшін денсаулық сақтау қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

"Мәдениет және спорт саласына 3,1 млрд теңге бөлінеді. Қала аудандарын жаңа кітапханалармен қамтамасыз ету, сондай-ақ, ұлттық спорт түрлерін дамыту жоспарланған, бұл қала тұрғындарының мәдениеті мен дене шынықтыру белсенділігін арттырады", - деді А.Әмрин.

Оның айтуынша, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын қаржыландыру, сондай-ақ "Ақсай" су жинағышын және желілерді уақытылы салуға қаражат 10,8% немесе 22 млрд теңгеге ұлғайтылды. Қосымша қаржыландыру есебінен Алматы әкімдігі қала тұрғындарының сапалы ауыз суға қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

"Көлік инфрақұрылымын жаңарту үшін қаржыландыруды 5,7%-ға өсіру арқылы 15,1 миллиард теңге қарастырылды. Жоспарланған жобаларды жүзеге асыру арқылы көлік саласын одан әрі дамыту көзделген. Оның ішінде жақсы және орташа жағдайдағы жолдардың үлесі 86%-дан 92%-ға дейін өсті", - деп сөзін түйіндеді мегаполис әкімінің орынбасары.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: