Алматы әуежайы қолайсыздықтар туралы ескертті

Алматы әуежайы қолайсыздықтар туралы ескертеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.06.2024 10:37 Сурет: Zakon.kz
17 маусымда Алматы әуежайы жолаушыларды жөнелтуге және қарсы алуға ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы халықаралық әуежайы аумағында автотұрақ орындарын көбейту мақсатында жөндеу-құрылыс жұмыстары жүргізілуіне байлайнысты автотұрақтар кезең-кезеңімен жабылады.

"Жолаушыларға Оңтүстік автотұрақты (кіру Ахметов көшесінен) пайдалануды ұсынамыз. Сондай-ақ әуежайға келуіңізді алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз. Аталмыш жұмыстарды 2024 жылдың қыркүйек айына дейін аяқтау көзделеді. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - деп жазылған ресми ақпаратта.

13 маусымнан бастап барлық халықаралық рейстер 1 маусымда ашылған жаңа Алматы терминалына келе бастады. Жаңа әуежай терминалының құрылысы 2021 жылдың мамыр айында басталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: