Алматы әуежайы әскери шеруге байланысты рейстер кестесінің өзгергенін ескертті

2025 жылғы 16 сәуірде Астана қаласының әуе кеңістігін уақытша жабу туралы ескерту жарияланды. Ал, бүгін 17 сәуірде Алматы халықаралық әуежайы жолаушыларға үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство Астана қаласының әуе кеңістігін пайдалануға қысқа мерзімді шектеулер енгізілгенін мәлімдеді.
2025 жылғы 22 сәуір мен 7 мамыр аралығында сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін әскери парадты дайындауға және өткізуге байланысты әскери авиацияның оқу-жаттығу ұшуларын орындау үшін Астана қаласының әуе кеңістігі жабық болады.
Осылайша, Алматыдан келетін бағыттарды қоса алғанда, Астанаға қонатын және ұшып шығатын кейбір рейстердің кестесіне өзгерістер енгізілді.
"Жолаушылардан сапарларды жоспарлау кезінде осы шектеулерді ескерулерін сұраймыз. Рейстеріне түзетулер әсер ететін жолаушыларға брондау кезінде көрсетілген байланыс деректері арқылы авиакомпаниялар қосымша ақпарат береді". Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі
Байланыс телефондары:
- Алматы халықаралық әуежайының анықтамалық қызметі: +7 (727) 270 33 33, +7 (727) 270 48 49;
- Air Astana: +7 (727) 244 44 77, WhatsApp: +7 702 702 00 74;
- FlyArystan: +7 (727) 331 10 10, WhatsApp: +7 702 702 02 27;
- SCAT Airlines: +7 (7252) 99 88 80;
- Qazaq Air: +7 (727) 356 14 14.
Бұған дейін сенатор әуе билеттері неліктен қымбат екендігін айтқан болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript