Жаңалықтар тізбегі
0

Елорданың екі тұрғыны мекемеден 8 миллион теңгенің теледидарын ұрлаған

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.06.2024 14:47 Сурет: Zakon.kz
Елорда полицейлері мекемеден плазмалық теледидар ұрлаған екі қала тұрғынын қолға түсірді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Есіл ауданы ПБ полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен екі азаматты анықтады. Олар 24 және 25 жастағы елорда тұрғындары.

Ер адамдар мекеменің бірнеше ай бойы жұмыс істемейтінін байқап, қылмыстық ниетпен әрекет еткені анықталды.

Түнгі уақытта қаскүнемдер кіреберіс есікті бұзып ашып, үй-жайға кірген және 8 дана "LG" және "Sumsung" теледидарын алып шыққан, осылайша 3 млн теңге сомасында материалдық шығын келтірген.

Автокөлікке техниканы жүктегеннен кейін олар қылмыс орнынан қашып, ұрланған заттарды ломбардқа өткізген. Жедел қызметкерлер қаскүнемдердің теледидар ұрлаудың тағы бір фактісіне қатысы бар екенін анықтады.

Аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеру жүргізіліп жатыр.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға мұқият және қырағы болуға кеңес береді. Күзет дабылын орнату – тұрғын үйді заңсыз кіруден қорғаудың сенімді әдісі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: