Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО-да 75 лудоман-борышкерлер құмар онлайн - ойындарға өз еркімен шектеу қойды

ШҚО-да 75 лудоман-борышкерлер құмар онлайн - ойындарға өз еркімен шектеу қойды, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.06.2024 11:22 Сурет: pixabay
Шығыс Қазақстан облысында 98 балаға жалпы 84 млн теңге қарызы бар 75 кәнігі алимент төлемеушілер соңғы 3 жылда букмекерлік кеңсенің пайдасына 100 млн теңгеден астам соманы қайтарымсыз аударған.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы берген мәліметке сай, Өскеменде 1,5 млн теңге алимент қарызы бар борышкер А., онлайн букмекерлік кеңседе 7 млн теңгеге құмар ойнына бәс тігіп, ұтылған.

Талдау нәтижелері бойынша олармен түсіндіру жұмыстары жүргізілген соң, борышкерлер өз бетінше (E-Gov мобильді қосымшасы арқылы) құмар ойындарға қатысуға тыйым салды.

Сонымен қатар, борышкерлердің құмар ойындарға қатысуының жолын кесу бойынша одан әрі жұмыс жүргізу үшін Қазақстан Республикасы туризм және спорт Министрлігінің туризм индустриясы Комитетіне елімізде жұмыс істейтін букмекерлік кеңселерді анықтау туралы хат жолданды.

Құмар ойынға бәс тігетін тұлғалар туралы деректер де алимент төлеуден жалтарудың дәлелі болады.

Бүгінгі таңда алимент төлемеу бойынша қылмыстық істерді тоқтату туралы 2 шешімнің күші жойылып, қосымша тергеуге жіберілді.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: