Қазақстанда экспедиция кезінде сенсациялық олжа табылды

Қазақстанда экспедиция кезінде сенсациялық олжа табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.06.2024 12:45 Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
Халықаралық тарихи-археологиялық экспедиция Қоғалы алқабында жүргізген қазба жұмыстары кезінде Таңбалы қорық-музейінің зерттеушілері сенсациялық жаңалық ашты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанда алғаш рет монетаның өте сирек кездесетін түрі табылды.


"Түркі-соғды ерте ортағасырлық нумизматика саласындағы мамандардың айтуынша, бұл монета 7 ғасырдың ортасынан бері қолданыста болған. Экспедиция зерттеген Қоғалы алқабының ескерткіштері 7-8 ғасырдың бірінші жартысында Жетісу жерін мекендеген Батыс түріктердің мәдениетіне жатады, – деп хабарлады ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Қазір Таңбалы ғылыми-реставрациялық зертханасында бұл бірегей жәдігерге алғашқы консервациялау жұмыстары жүргізілуде.

Археологиялық қазба жұмыстары әлі де жалғасуда.

Ал Батыс Қазақстан облысының ғалымдары өсімдіктің жаңа түрін ашты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: