ШҚО–да есірткіні жарнамалаумен айналысқан күдіктілер анықталды

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.06.2024 16:31 Сурет: ҚР ІІМ
ШҚО полицейлері есірткіні насихаттаумен және жарнамалаумен айналысқан тұрғындарды анықтады.

Күдіктілер қылмыс үстінде ұсталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері облыс орталығының 21 және 18 жастағы екі азаматын QR-коды бар брошюраларды жапсырып жүргенде анықтады, онда есірткі құралдарын сатып алу үшін электрондық мекенжайлар көрсетілген.

Жастар хабарландыруды мессенджер арқылы тапқанын, онда әр жапсырылған парақша үшін 300 теңге көлемінде төлем жасауға уәде етілгенін айтып берді. Күдіктілердің тағы 8 хабарландыру болған.

Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтарын насихаттау, заңсыз жарнамалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полиция қызметкерлері екі азаматтың осындай басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: