Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде еңбек қауіпсіздігінің сақталмауынан 59 адам қайтыс болған

Елімізде еңбек қауіпсіздігінің сақталмауынан 59 адам қайтыс болған, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.06.2024 16:47 Сурет: pixabay
Ел аумағындағы кәсіпорындарда жыл басынан бері 500-ге жуық жұмысшы жарақат алып, 59 адам қаза тапқан. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда әлдеқайда жоғары.

Осы мәселенің себеп-салдарын зерделеу және азайту мақсатында "Әділдік және Өркендеу" қоғамдық қоры өкілдері Шымкентте бас қосты.

Оған Алматы мен Шымкент қаласы, Түркістан, Жетісу, Жамбыл, Қызылорда мен Алматы облысындағы өкілдіктерінің жетекшілері, белсенділер қатысты.

Қордың бастамасымен Еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық комиссия құрылды, деп жазады qazaqstan.tv.

Арнайы топ жұмысшылар мен жұмыс берушілер арасында диалог орнатуды, даулы жағдайларда бітімгер болуды көздейді.

Сондай-ақ, қор "Әділдік құқығы" интернет-қабылдауын да қолға алды. Оның мақсаты – әрбір азаматқа еңбек құқығы бойынша тегін заңгерлік кеңес беру, қазақстандықтардың құқықтық сауатын жоғарылату болып отыр.

"Біздің қордың ең басты тақырыбы жұмысшылар мен жұмыс беруші арасында бітімгер болу. Өйткені бұл халықаралық деңгейде бар практика. Бірақ Қазақстанда өте сирек кездеседі." Анар Ізден "Әділдік және өркендеу" қоғамдық қоры Қызылорда облыстық өкілдігінің жетекшісі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: