Астанада бойжеткен сейфтен зергерлік бұйымдарды ұрлап, басқа қалаға кетіп қалған

Астанада бойжеткен сейфтен зергерлік бұйымдарды ұрлап, басқа қалаға кетіп қалған, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.06.2024 17:22 Сурет: polisia.kz
Полицияға қала тұрғыны хабарласып, сейфтен алтын бұйымдардың жоғалғанын жеткізген. Алматы ауданы полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрлыққа жәбірленушінің туысқанының қатысы бар екенін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу барысында 21 жастағы қыздың туыстарының үйінде уақытша тұрып жатқаны және сейфтің кілттерінің қайда орналасқанын білетіні белгілі болды. Қожайындарының жоқтығын пайдаланған күдікті шамамен 3 миллион теңгенің зергерлік бұйымдарын алып, "ізін суытқан". Ол ұрланған заттарды ломбардқа тапсырып, басқа қалаға кетіп те үлгерген.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Айғақты заттар алынды. Оның елордада бұрын жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: