Елордалық оқушылар мен студенттердің жазғы демалысы ұзартылуы мүмкін
Сурет: Zakon.kz
Астана қаласының оқушылары мен студенттері үшін оқу жылының басталу уақыты V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының өткізілуіне байланысты шегерілуі мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.
Вице-министрдің айтуынша, қазір Оқу-ағарту министрлігімен және Ғылым және жоғары білім министрлігімен келіссөздер жүргізілуде.
"Бұл арада екі жағдайдың нұсқасы бар: біз не Қабанбай батыр және Тұран даңғылдарындағы мектептерді онлайн оқыту форматына ауыстырамыз немесе оқу кезеңінің басталу уақытын Астана бойынша шегеріміз. Біз мәселені қазір қызу талқылап жатырмыз, келесі аптада нақты шешім қабылдауымыз керек", – деді Серік Жарасбаев.
Ол Қабанбай батыр мен Тұран даңғылдарын жабу әлі жоспарламағанын айтты. Алайда, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу кезінде көлік қозғалысы кептелісі болмас үшін спорт нысандарына арнайы шаттл автобустар қатынайтын болады. Сонымен қатар, жарыстың басталу уақыты таңғы 9:00-ден 11:00-ге ауыстырылды.
Айта кетсек, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Астанада 8-13 қыркүйек аралығында өтеді. Бұл - этникалық спорт түрлері бойынша ең ірі халықаралық спорт жарысы.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript