Қызметтік көліктерін сатқандар сотталды

Қызметтік көліктерін сатқандар сотталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2024 09:49 Сурет: Zakon.kz
Жамбылда әкімдікке қарасты мекеме басшылары қызметтік көліктерді жекеге сатып жібергені үшін сотталды.

Талас ауданының тазалығына жауапты "Таза-Талас" кәсіпорнының басшысы мен орынбасары 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Коммуналдық мекемеге жауаптылар 5 жылдан бері теңгерімде тұрған төрт көлікті заңсыз есептен шығарған. Талапқа сай арнайы аукцион өткізбеген, деп жазады qazaqstan.tv.

Құжат жүзінде жарамсыз көлік ретінде көрсетіп, есептен шығарған. Олар мемлекет мүлкін талан-таражға салу арқылы 22 млн теңге пайда тапқан.

"Әрқайсысына мемлекеттік қызметте лауазымды қызметті атқаруға тыйым салынды. Жымқырылған 4 көліктің 3-еуі мемлекетке қайтарылды және 4-ші көліктің бағасын сотталушылар өз еркімен қайтарып берді." Жалғас Көшербаев, Жамбыл облысы прокурорының көмекшісі
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: