Алматы әкімдігі халықтың өтінішін орындады

Алматы әкімдігі халықтың өтінішін орындады, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2024 16:49 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бүгін, 2024 жылдың 25 маусымында Алматы әкімдігі №211 автобус бағытына қатысты жағымды жаңалық айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, енді №211 автобус бағыты күн сайын қатынайды

Қала тұрғындарының өтініші бойынша №211 бағыты "Спорт сарайы" - "Алма-Арасан" арасында күн сайын қатынайды. Бұрын маршрут тек демалыс күндері жүретін.

Таулы жерге бейімделген жүріс және тежеу жүйесі бар 2 бірлік Yutong маркалы автобус күнделікті қатынайды.

Маршрутта жолақысын қолма-қол ақшасыз төлеу 100 теңге, ал қолма-қол ақшамен төлесеңіз, 200 теңге. Бұрын жолақысы 300 теңге болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: