Астанада полиция есірткіні жарнамалаған үш күдіктіні қолға түсірді
Сурет: polisia.kz
Астанада полиция қызметкерлері аулалардың бірінде есірткіні заңсыз жарнамалап жүрген қала тұрғындарын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, 30, 32 және 33 жастағы азаматтар адам көп жүретін – саябақтарда, скверлерде, аялдамаларда, үйлердің кіреберістеріне есірткі сайтының мекенжайын сызып белгілегені анықталды.
Олар Nissan cefiro көлігімен қаланы аралап жарнамалау жұмыстарын жалғастырған. Аталған көліктерін тінту кезінде жазуы бар трафарет, есірткінің басы, аэрозоль бояулары, телефондар тәркіленді.
Осы факті бойынша есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау, заңсыз жарнамалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, ұсталғандар Астана полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript