Қазгидромет: Қазақстандағы аптап ыстықтын арты нөсер жаңбырға ұласады

Қазақстанда аптап ыстық пен нөсер жаңбыр жауады деп күтілуде, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.06.2024 15:46 Сурет: unsplash
Zakon.kz тілшісі синоптиктерден Қазақстанда алдағы үш күнде – 2024 жылдың 27-28 маусымында ауа райы қандай болатынын білді.

"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, еліміздің шығысында және оңтүстік-шығысында +40+43°С дейін өте қарқынды аптап ыстық сақталады.

"27 маусымда солтүстік-батыста, 28-29 маусымда оңтүстікте, 29 маусымда солтүстікте, орталықта аптап ыстық төмендейді деп күтілуде", - деді синоптиктер.

Болжам бойынша, алдағы тәуліктерде Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауқымды циклон әсер етеді, соның салдарынан республиканың батыс және солтүстік-батыс облыстарында найзағаймен бірге қатты жаңбыр жауады, бұршақ жауып, екпінді жел соғады.

"27 маусымда оңтүстік-батыста, 27-29 маусымда солтүстік-батыста, 28-29 маусымда елдің батысы мен солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. "Қазгидромет" РМК

Тек еліміздің шығысы мен солтүстік-шығысында синоптиктердің болжауынша, ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: