Астанада Сығанақ пен Түркістан көшелерінің қилысы бір тәулікке жабылады

Жол жөндеу жұмыстары, Астана, Сығанақ пен Түркістан көшелерінің қиылысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.06.2024 19:47 Сурет: Астана қаласының әкімдігі
Елордада Сығанақ пен Түркістан көшелерінің қилысы уақытша жабылады. Бұл жол төсеміне жөндеу жұмыстар жүргізілуіне байланысты қабылданған шара, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы аталған жол учаскесінде жол төсеміне жөндеу жұмыстарын жүргізеді. 

"Осыған байланысты 26 маусым күні сағат 20:00-ден 27 маусым сағат 20:00-ге дейін жоғарыда аталған қиылыс толығымен жабық болады", делінген әкімдік хабарламасында.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлау сұралады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: