Жаңалықтар тізбегі
0

Қостанай облысында қара шегіртке шектен тыс көбейді

Қостанай облысында қара шегіртке шектен тыс көбейді, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.06.2024 09:50 Сурет: pixabay
Зиянкестер 440 мың гектардан астам алқапқа жайылған. Мамандар соның 391 мың гектарына химиялық өңдеу жүргізді. Жұмыс әлі жалғасады.

Себебі шегіртке әзір егінге түспегенімен, қауіп сейілмей тұр. Әсіресе оңтүстік аудандарда жағдай күрделі.

Наурызым ауданында жеті зерттеу тобы жұмыс істеп жатыр. Олар жаяулап дала кезіп, шегірткенің дернәсілі шоғырланған жерлерді анықтайды, деп жазады qazaqstan.tv.

Инспектор-зерттеуші Нұрбол Ермағанбетовтің тобы соңғы он бес күннің ішінде 50 мың гектар жерді шолып шыққан.

"Бір екі-үш бригаданы бір 30 мың, 40 мың, 50 мың гектарды бір адам бір машинамен, улайтын машинамен қарайды. Сосын тағы 30,40 шақырымнан кейін екінші машина, бригадалар сол жақта." Нұрбол Ермағамбетов, зерттеуші инспектор

Зерттеушілер зиянкестер шамадан тыс шоғырланған жерді анықтаған соң, сол тұсқа дәрілеушілер келіп іске кіріседі. Улау жұмысы жауынды, ыстық, желді күндері жүргізілмейді. Себебі ауа райының мұндай кездерінде препатарттың еш әсері болмайды. Биыл шегіртке жұмыртқасы топырақтың терең қыртысында қалуы да жұмысты қиындатып тұр.

"Су тасқыны болғанда жатқан жерлерінің үстімен тағы жермен жабылып қалған ғой. Содан 3-5 сантиметрге салса, бұлардың жұмыртқалары астына кетіп қалған ғой, 7-8 сантиметрге дейін, содан жер жылынған сайын ақырындап-ақырындап шығып жатқандығы, сол кішкене қиындау. Өйткені бірнеше рет шыға береді бір орында." Сәулеш Алдажұманова, Наурызым аудандық аумақтық инспекциясының басшысы

Зиянкестерге қарсы күрес қазір тоқтаусыз жүріп жатыр. Тек Арқалық қаласына қарасты ауылдардың аумағында 20 мың гектардан астам жер өңделген. "Соның арқасында алқаптарымыз аман", - дейді шаруалар.

"Шегіртке шығып жатыр. Әр жерден ошақтары табылып. Облытсан келіп жұмыс істеп жатыр мамандар. Бір жүріп өтті кеше. Нәтижесі бар. Өліп жатыр." Шәймерден Ыбыраев, шаруа

Биыл облыста 5 млн гектардан астам алқапқа дән сіңірілген. Қазіргі мақсат – шегірткенің егістікке залал келтіруіне жол бермеу.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: