Телевизия саласының үздіктері: "Тұмар-2024" сыйлығы иегерлерінің тізімі жарияланды
Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері мерекесінде Астанада ұлттық телевизиялық сыйлықтың жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Биыл "Тұмар" бәйгесі сегізінші мәрте ұйымдастырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Айта кетсек, сыйлықтың жеңімпаздарына "Тұмар" мүсіншесімен қатар, отандық телевизия саласындағы ең жоғары жетістіктері үшін 1 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталды.
"Тұмар-2024" сыйлығының иегерлері:
- Төтенше жағдай кезінде түсірілген үздік репортаж – "Алапат тасқын" – Qazaqstan телеарнасы.
- Үздік журналистік зерттеу – "Экономика vs экология: су үнемдеудің жолдары қандай?/Арнайы репортаж" – Atameken Business телеарнасы.
- Үздік aқпараттық бағдарлама – "Astana Times" жаңалықтар қызметі – Astana TV телеарнасы.
- Үздік aналитикалық бағдарлама – "Жеті күн" – Хабар телеарнасы.
- Үздік әлеуметтік жоба – "Құдайы қонақ" – Qyzylorda телеарнасы.
- Үздік деректі фильм – "Шетелдегі қазақ балалары" – Jibek Joly TV телеарнасы.
- Үздік телехикия – "Мошенники" – "НТК" телеарнасы.
- Үздік өңірлік ток-шоу – "Ділмар" – Жетісу телеарнасы.
- Үздік өңірлік телеарна – ТДК-42 телеарнасы.
- Балаларға арналған үздік бағдарлама – "АуылDone" – Жетінші арна.
- Үздік тележурналист – Григорий Беденко – Хабар телеарнасы.
- Үздік тележүргізуші – Мадина Балғабаева – КТК телеарнасы.
Айта кетсек, 28 маусымда журналистердің кәсіби мерекесіне орай, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан бұқаралық ақпарат құралдары саласының бірқатар қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript