Астана әуежайы мен вокзалдары күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Астана әуежайы мен вокзалдары күшейтілген жұмыс режиміне көшті, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2024 16:54 Сурет: Zakon.kz
Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитін өткізу кезеңінде елорда әуежайында күшейтілген және тәулік бойғы жұмыс режимі қамтамасыз етілетін болады.

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің мәліметінше, тұрақты рейстердің ұшуы кесте бойынша жоспарланған.

Саммитті өткізу кезеңінде жұмысқа сала мамандары мен диспетчерлік құрам тартылды. Жүзден астам қызметкер резерв ретінде жұмылдырылып, елорда әкімдігімен бірлесіп шет тілдерін білетін еріктілер тартылып жатыр.

Сондай-ақ Алматы және Қарағанды қалаларында қосымша әуежайлардың дайындығы көзделген.

Елордалық теміржол вокзалдарының дайындығы туралы айта келе, Шанхай ынтымақтастық ұйымын өткізу шеңберінде теміржол бекеттері штаттық режимде жұмыс істейтінін атап өткен орынды.

Бүгінгі таңда теміржол көлігі Астана-1 станциясынан 23 бағыт бойынша тәулігіне 11 мыңға жуық жолаушыны, ал "Нұрлы жол" теміржол вокзалы бойынша тәулігіне 8 мың жолаушыны 19 маршрут бойынша тасымалдауда. Вокзалдар кешенді қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: