Қазақстанда медициналық инциденттер мен сақтандыру жағдайларының бірыңғай тізілімі пайда болады
Қағидаларда медициналық инцидент- ҚР Қылмыстық заңнамасымен әкімшілік көзделген жағдайларды қоспағанда, пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіруі, сондай-ақ пациенттің өліміне әкеп соқтыруы мүмкін ағзаның қалыпты жұмыс істеуінен ауытқуына байланысты медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарына сәйкес және технологияларды, жабдықтар мен құралдарды пайдалана отырып, медициналық көмек көрсетуге байланысты оқиға екені айқындалған. Медициналық оқиға сақтандыру жағдайы емес.
Өз кезегінде медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін бірлесіп сақтандыру шарты бойынша медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісі сақтандыру жағдайы болып танылады.
Медициналық инциденттің басталу фактілерін және сақтандыру жағдайларын есепке алудың бірыңғай тізілімі, есепке алу-ақпараттық функцияны орындайды және медициналық инциденттің басталу фактілерін талдау деректерімен қамтамасыз ете отырып, мүдделі тараптарды медициналық көмектің қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы ағымдағы жағдай туралы хабардар етуге мүмкіндік береді.
Медициналық инциденттің және сақтандыру жағдайларының басталу фактілерін есепке алудың бірыңғай тізілімін Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (Денсаулық сақтау министрлігі) айқындаған ведомстволық бағынысты ұйым қалыптастырады, жүргізеді.
Бірыңғай сақтандыру пулының әкімшісі ақпараттық платформаға қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Қызмет медициналық инциденттің және сақтандыру жағдайларының басталу фактілерін есепке алудың бірыңғай тізіліміне енгізу үшін медициналық инциденттің және сақтандыру жағдайларының басталу фактілерін тоқсан сайын ұйымға жібереді.
Қазақстан Республикасы бойынша Медициналық инциденттің басталу фактілерін және сақтандыру жағдайларын есепке алудың бірыңғай тізілімі медициналық инциденттің басталу фактілерін есепке алудың бірыңғай тізілімі және сақтандыру жағдайларының басталу фактілерін есепке алудың бірыңғай тізілімі мәліметтерінің нысандары бойынша қазақ және орыс тілдерінде қалыптастырылады және электрондық форматта жүргізіледі.
Медициналық инцидент пен сақтандыру жағдайларының бірыңғай тізілімін орналастыру ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, ұйымның ресми интернет-ресурсында жүзеге асырылады.
Бұйрық 2024 жылғы 23 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.