Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкенттегі базарда алты бірдей бутик өртенді

Шымкенттегі базарда алты бірдей бутик өртенді, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.07.2024 20:11 Сурет: видео скрині
Шымкенттегі "Акбар" базарында 6 бірдей сауда бутигі өртеніп кетті. Сондай ақ, 2 автокөлік жартылай жанған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түнгі 02:35-те басталған қызыл жалын таңғы 5 шамасында ғана толық сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

"Акбар" базарының ауласында жалпы ауданы 400 шаршы метрді құрайтын 6 бутик және Mercedes спринтер автокөліктерінің артқы бөліктері жанған. Өрт сағат 04:14-те оқшауланып, 05:17-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Алдын ала болжам бойынша өрт электр қондырғыларының қысқа тұйықталуынан шығып отыр. Өртті ауыздықтауға департамент тарапынан 93 жеке құрам, 29 түрлі мақсаттағы техника, жедел құтқару жасағынан 4 қызметкер және 1 техника тартылды". Шымкент төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Асқар Шәріп

Қазіргі таңда базар жабық тұр. Оқиғаға қатысты сауда орталығының басшылары қандай да бір ақпарат беруден бас тартты. Ал келтірілген залал мөлшері анықталып жатыр. Тауары күлге айналған саудагерлерге қандай көмек көрсетілетіні де әзірге белгісіз.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: