Түрген шатқалына баратын жол сел жүру қаупіне байланысты жабылды

Түрген шатқалына баратын жол сел жүру қаупіне байланысты жабылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.07.2024 14:08 Сурет: Zakon.kz
Алматы мен таулы аймақтарда қатты жаңбыр жауып, секундына 15 метр жылдамдықпен жел соғады.

Соңы бұршаққа ұласуы мүмкін. "Казгидромет" мамандары осылай деп хабарлады.

Сондай-ақ, Түрген, Батан ауылы, Ассы обсерваториясы тас жолы сел жүру қаупіне байланысты уақытша жабылды.

"Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" демалушылар мен туристерді экологиялық бекеттен саябақ аумағына жібермейді, деп жазады qazaqstan.tv.

Алдағы тәуліктерде құбылмалы ауа райы сақталады, дейді мамандар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: