6 шілде – Астана күні!
Сурет: Zakon.kz
2024 жылы Астана қаласына 26 жыл толды. Елорда ғажайып ғимараттарымен, ерекше келбетімен, Еуразиядағы сәулетті қалалардың біріне айналды. Елорда дәстүр мен жаңашылдықты ұштастырып, еліміздің дамуы мен өркендеуінің жарқын белгісі атанып, бүкіл әлемге танылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, осы уақыт аралығында елорданың тарихы, мәдениеті мен өзіндік дәстүрі қалыптасып үлгерді.
"Астана – әкімшілік және саяси орталық қана емес, Қазақстанның мәдени өмірі қайнап жатқан рухани жүрегі. Мұнда әлемнің түкпір-түкпірінен келген қонақтардың қатысуымен ауқымды халықаралық мәдени іс-шаралар, фестивальдар, көрмелер мен концерттер өтеді. Елордада өтіп жатқан халықаралық форумдар мен съездер оның жаһандық диалог пен ынтымақтастықтың маңызды орталығы екенінің айқын дәлелі", делінген ведомство құттықтауында.
Аталмыш күн – елорда тұрғындары үшін ғана емес, әрбір қазақстандық үшін де ерекше мереке.
"Астана – мемлекетіміздің бейбіт әрі сындарлы саясатының, еліміздің қарқынды дамуы мен жарқын болашағының, бүкіл елдің татулығы мен тұтастығының көрінісі. Қарқынды дамудың, мәдени және жаңашыл басталамаларды қолдаудың арқасында Астана жаңа Қазақстанның символына айналды. Баршаңызды Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз!". ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Айта кетсек, Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 1997 жылы елорда халқы 287 201 адамды құрады, ал 26 жылдан кейін мұндағы тұрғындар саны 1 430 117 адамға жетті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript