Жаңаөзенде мұнай тиелген жүк көлігі өртеніп кетті

Жаңаөзенде мұнай тиелген жүк көлігі жанып кетті. Оқиға "Жаңаөзен-Жетібай" тасжолы аумағында болған, - деп хабарлайды Zakon.kz lada.kz-ке сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 6 шілдеде түстен кейін мұнай тасымалдайтын жүк көлігінің артқы дөңгелектері өртенген.
Өрт сөндірушілер шақыру түскен сәттен бастап 35 минут ішінде тілсіз жауды ауыздықтады.
Зардап шеккендер жоқ, оқиғаның себебі анықталып жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript