Астанада жүргізуші куәлігін емтихансыз алып беремін деген күдікті қолға түсті

Астанада жүргізуші куәлігін емтихансыз алып беремін деген күдікті қолға түсті, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.07.2024 10:51 Сурет: Zakon.kz
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Есіл ауданының полиция қызметкерлері 30 жастағы Павлодар қаласының тұрғынын анықтады, ол ақшалай сыйақы үшін жүргізуші куәлігін алуды ұсынған.

Сөйтіп, полицияға елорда тұрғыны хабарласып, алаяққа 400 мың теңге бергенін айтқан.

Ол интернеттен емтихансыз жүргізуші куәлігін алу туралы хабарландыру тауып алған.

WhatsApp желісінде хат алмасу кезінде алаяқ жәбірленушіге жүргізуші куәлігін алуға көмектесетініне сендірген.

Айласын асырып, ақшаны алғаннан кейін ол хабарламалар мен телефон қоңырауларына жауап беруді бірден тоқтатқан. Полицейлер күдіктіні анықтап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: