9 шілдедегі саудада доллар бағамы тағы төрт теңгеге көтерілді

Қазақстан қор биржасы (KASE) 9 шілде күні сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша сауда-саттықты жапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 3,94 теңгеге көтеріліп, 480,77 теңге болды.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 65,96 теңгеге (+0,77) дейін өсті.
Ақша айырбастау орындарында доллар 479,7-481,7 теңгеге, еуро 519-523 теңгеге, ресей рублі 5,37-5,49 теңгеге сатылуда.
Сонымен бірге, 9 шілдедегі аукционда әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.
Осылайша Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,6%-ға төмендеп, барреліне 85,26 долларды құрады.
АҚШ-тың Батыс Техас мұнайы (WTI) барреліне 0,7%-ға арзандап, 81,79 долларды құрады.
Ұлттық банк бұған дейін доллар бағамын 476,27 теңге, еуроны 515,47 теңге, рубльді 5,41 теңге деп белгілеген болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript