16 шілдедегі саудада доллар тағы көтерілді

Қазақстан қор биржасы (KASE) 16 шілде күні сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша сауда-саттықты жапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауданың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2 теңгеге көтеріліп, 474,62 теңгені құрады.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 65,13 теңгеге (+0,15) дейін өсті.
Ақша айырбастау орындарында доллар 474,7-476,9 теңгеге, еуро 515,5-519,5 теңгеге, ресей рублі 5,25-5,37 теңгеге сатылуда.
Сонымен бірге, 16 шілдедегі аукционда мұнайдың әлемдік бағасы төмендеп жатыр.
Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында қыркүйек айындағы Brent фьючерстерінің құны 0,86%-ға төмендеп, барреліне $84,12 құрады.
NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының қыркүйектегі фьючерстері 0,92%-ға төмендеп, барреліне 80,10 долларды құрады.
Ұлттық банк бұған дейін доллар бағамын 472,49 теңге, еуроны 515,44 теңге, рубльді 5,41 теңге деп белгілеген болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript